Байқау. «Тұлпар мініп, ту алған!»

2.jpg


Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Алматы қаласындағы мектеп оқушылары (6-10 сынып) арасында «Тұлпар мініп, ту алған!» атты әдеби және тарихи-танымдық байқауы өтеді.

Байқау 5-15 қыркүйек аралығында аудандық деңгейде және 28 қыркүйекте қалалық деңгейде (мәре) ұйымдастырылады.

Байқауда қатысушылар «Алпамыс батыр» жырын жатқа айтып, жырда кездесетін көнерген сөздердің мән-мазмұнын түсіндіріп, мектеп бағдарламасы бойынша қазақ әдебиеті пәнінің оқу бағдарламасы негізінде әзірленген сұрақтарға жауап берулері тиіс.

Шараның басты мақсаты:

- балалар арасында кітап оқуды, оның ішінде қазақ халқының батырлық эпостарын насихаттау;

- өскелең ұрпақтың шығармашылық және зияткерлік қабілетін дамытуға жағдай жасау;

- балаларды халық поэзиясына, қазақ халқының рухани асыл мұрасына деген сүйіспеншілікке және патриотизмге тәрбиелеу, елдік пен ерлік рухын, намысшылдық, қайсарлық қасиеттерге баулу;

-дарынды балаларды анықтау және оларға қолдау жасау, өз таланттарын көрсетуге мүмкіндік беру;

Байқау жеңімпаздары ақшалай сыйлықтармен марапатталады. 

І орын (біреу) – 1 500 000 теңге;

ІІ орын (біреу) – 1 000 000 теңге;

ІІІ орын (біреу) – 500 000 теңге.

Ал, осы жеңімпаздар мен жүлдегерлерді дайындаған мұғалімдерге Оксфорд қаласында (Ұлыбритания) ағылшын тілі курстарынан өтуге жолдама беріледі.

І орын (біреу) – 3 ай;

ІІ орын (біреу) – 2 ай;

ІІІ орын (біреу) – 1 ай.



Ұқсас тақырыптар