Жас ақын, жазушылар қолдауға зәру

тил комитет.jpg

Бүгін «Ұлт әдебиеті – жастар көзімен» деген тақырып аясында еліміздегі танымал жас ақын, жазушыларды жинап, ұсыныс, пікірлері тыңдалды. Тіл комитеті өткізіп отырған бұл басқосу Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа жақын болу, қоғаммен кері байланыс орнату міндетін жүзеге асыру негізінде өтті.

Қазақтың бай тілінің мәйегін бойына сіңіріп, келер ұрпаққа дарытатын сөз ұсталары қаламгер жастардың мәселелерін ортаға салды.

онлацн.jpg

Кездесудің маңыздылығын ескере отырып, Тіл комитеті еліміздің барлық аймақтарындағы жас ақын-жазушыларды түгел қамтуға тырысқан еді. Басты мақсат - мемлекеттің отандық қаламгерлерді қолдау.

Жиын барысында комитет төрағасы Әділбек Қаба сөз алып: "Тіл өмір сүрсе шығармаларыңыз да өміршең. Жалпы өз руханиятының уызына жарыған ұлт қана өз бет бейнесін сақтап қала алатын болады" деген ой айтты.

Сондай-ақ онлайн жиын барысында төмендегі мәселелер хабардар етілді.

Комитет үстіміздегі жылдың 25 тамызынан бастап ҚР Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының жанынан онлайн түрінде өткізілетін «Үздік балалар шығармасы» байқауын жариялауда. Байқау фейсбукте жарияланды. Қазіргі таңда 1646 қаралым. 60-тан астам шығармалар келіп түсті. Тәуелсіздік күні қарсаңында конкурс жеңімпаздары салтанатты түрде марапатталып, қаржылай сыйақыны иеленетін болады.

Сонымен қатар 2021 жылдан бастап мемлекеттік деңгейде бірнеше тың жобаларды жүзеге асыруды жоспарлауда. Олар: «Үздік балалар әдебиеті», «Жас қаламгер», «Жылдың үздік кітабы», «Смарт қаламгер» және т.б. жобалар.

Жас қаламгер жобасында:

- «Үздік жас жазушы» - О. Бөкей атындағы арнайы жүлде, проза жанры бойынша;

- «Үздік жас ақын» - Ф. Оңғарсынова атындағы арнайы жүлде, поэзияға;

- «Үздік жас ғалым» - А. Қайдаров атындағы арнайы жүлде, ғылыми жұмыс үшін қарастырылған.

Басқосудың мақсаты кітап оқитын қоғамды қалыптастыру үшін жас жазушыларға бағыт бере отырып, жаңа ой салу,  күш-жігер беру.

Онлайн-пікіралмасуға қатысып отырған жас қаламгерлер өз ойларын, пікірлері мен ұсыныстарын ортаға салды. Балаларға арналған шығармалаға қойылатын талаптарды әлемдік дәрежеде саралау қажеттігінің маңыздылығы қозғалды. Сондай-ақ, кітап тарату, сын жанры, драматургия, балалар әдебиетін дамыту туралы нақты ұсыныстар айтылды.

Пікірталасқа қатысқан елімізге танымал жас ақын-жазушылар «Ана тілі» газетінің бас редакторы, ақын Жанарбек Әшімжан, мемлекеттік «Дарын» сыйлығының иегері Ерлан Жүніс, «Балапан» телеарнасының директоры Мақпал Жұмабай, ақын, аудармашы Мақпал Мыса, жазушы, драматург, сыншы Әлібек Байбол, жас драматург, прозашы Жақсылық Мұратбек ұтымды ойларын ортаға салды.

Онлайн кездесудің қортындысы бойынша жас жазушылар ұсынған құнды ұсыныстарға орай арнайы Хаттама қабылданып, құзырлы министрліктерге жіберілетін болып ұйғарылды.

Тіл комитеті


Ұқсас тақырыптар