Алматыда 1,5 миллион теңгеге баспана алуға болатыны анықталды. Бұл туралы Кrisha.kz басылымы дайындаған материалда айтылады.
Басылымның мәліметінше, бүгінде 2018 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша Алматыдағы пәтердің шаршы метрінің бағасы - шамамен 340 мың теңге. Сарапшылар пәтер нарығын зерттей келе отырып, Алматыда бағасы екі есеге төмен, яғни, шаршы метрі 170 000 теңге болатын пәтерлер бар деген қорытындыға келді.
Алматыдағы жекешелендірілген және жекеменшік жатақханалардан арзан баспана табуға болады. Мысалы, 5-6 миллион теңгеге кез келген ауданнан бөлме алуға болады.
Сарапшылардың мәліметінше, арзан бөлмелерді көбіне Әуезов, Түрксіб және Наурызбай аудандарынан алуға болады. Мұнда 2,5-3 миллион теңгеге 10-15 шаршы метр болатын бөлме сатып алу мүмкіндігі бар. Бұл ғимараттардың басым бөлімі 70-80 жылдары салынған екен. Ас үй мен дәретхансы барлығы ортақ.
Бірақ кейбір бөлмелердің барлық жағдайы жасалған. Аумағы - 15-20 шаршы метр, ал бағасы 4-5 миллионнан басталады. Мұндай бөлмелер көбіне Шығыс айналмалы жолда, Ядролық физика институты немесе Алматы-1 вокзалының аумағынан табылады.
Бірақ кейбір бөлмелерден ешбір жиһазсыз сатылатынын және жөндеуді қажет ететінін ұмытпау керек. Екі адамға арналған бөлменің бағасы (жөндеуден өткен, дәретханасы, душ бар, студия түріндегі ас үй мен жиһазы бар) шамамен 5-6 миллион теңге болады.
Бұл дегеніміз шаршы метрінің бағасы 300 мың теңгеден асады деген сөз. Мұндай пәтерлерді Алмалы және Бостандық аудандарынан алуға болады екен.
Осыған ұқсас нысандарды Алматының басқа аудандарынан да табуға болады. Бірақ олар қымбатқа түседі - 7-7,5 миллион теңге (шаршы метрі 370 мың теңгеден асады).
Басылымның мәліметінше, осыған ұқсас пәтерлерді қала шетінен де табуға болады. Олардың бағасы 30-40 пайызға төмен екен.
Шет жақтан бөлме алудың артықшылықтары:
- ескі жатақханалардың көбі дамыған инфрақұрылымы бар аудандарда орналасқан;
- қолжетімді баға мен коммуналдық қызметтерге көп ақша төлемейді.
Кемшіліктері:
- жағдайы орташа;
- көбіне жуынатын бөлме мен ас үй барлығына ортақ.
Қазіргі уақытта салынып жатқан нысандар
Мұндай нысандардың көбі базарлардың маңында орналасқан. Мысалы, Наурызбай ауданындағы "Шұғыла", "Тастыбұлак" және тағы басқа ықшамаудандардың маңындағы базарлар.
Осы аудандарда орналасқан бөлменің аумағы - шамамен 20 шаршы метр. Жөндеуден өткен, жиһазы бар, дәретханасы бөлмеде, душ пен ас үй кейде ортақ болуы мүмкін. Бағасы - 3-3,5 миллион теңге, шаршы метрі - 180 мың теңге шамасында. Бірақ үйдің сапасы жайлы белгісіз, көбіне 4 қабатты үйлер.
Сондай-ақ, осы ауданда 1,5 миллион теңгеге сатылатын нысан анықталды. Бұл Алматыдағы ең арзан әрі ең кішкентай бөлме болып саналады.
Дәретханасы бар бөлменің аумағы - 9 шаршы метр. Шаршы метрі 166,6 мың теңге. Ас үй мен жуынатын бөлмесі ортақ. Хабарлама берушінің айтуынша, бөлменің барлық құжаты дайын.
Кейбір мәліметтерге қарағанда, бөлмені жалға алудың құны - айына шамамен 25-30 мың теңге.
Жаңа салынған үйлердегі 5-8 миллион теңге тұратын пәтерлер Бұл тізімге "Северное кольцо", "Көкжиек", "Ақниет", "Алғабас" (КГ), "Асқар-Тау" сияқты орта деңгейдегі құрылыстарды жатқызуға болады. Мұнда көлемі 30-40 шаршы метр болатын пәтерлерді 5-9 миллион теңгеге сатып алуға болады.
Сондай-ақ, "Асқар-Тау" тұрғын үй кешеніндегі пәтерлердің өте арзан екені анықталды. 20 шаршы метр болатын бір бөлмелі пәтердің бағасы 4,8 - 5,5 миллион теңге екен.
"Асыл Арман" тұрғын үй кешеніндегі пәтерлерді де төмен бағамен алуға болатыны айтылады. Алайда бұл үйлер қалада орналаспаған, Іргелі ауылына жатады. Бұл нысанда пәтерлер көбіне мемлекеттік бағдарламамен беріледі екен. Орта есеппен шаршы метрі 200-250 мың теңге. Бір кемшілігі - қаладан алыс "Алтын Орда" базарының маңында орналасқан.
Осы орайда сарапшылар 7 миллион теңгеден аса қаражат болса, пәтер ала беруге кеңес береді. Олардың айтуынша, Жетісу, Наурызбай, Түрксіб және Алатау аудандарындағы және қала сыртындағы жатақханалар мен жаңа салынған үйлердің нарығын зерттеп білу керек.
Сондай-ақ, мамандар 7-8 миллион теңгеге Алматының ескі аудандарында қамыстан жасалған үйлерден де пәтерлер алуға болатынына айтады.
Дереккөз: Tengrinews.kz