"Үлкен Алматы" айналма автокөлік жолының құрылысы мамырда басталады - Қасымбек

1.jpg


Биыл мамырда "Үлкен Алматы" айналма автокөлік жолының құрылыс монтаждау жұмыстары басталады. Бұл туралы Қазақстан инвестиция және даму министрі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"2018 жылы 7 ақпанда Қазақстанда бірінші ірі конценсиялық жобасын бастауға "Алсим Аларко - Макйол - СК - Кореян ЭкспрессВэй" консорциумымен келісімшарт жасалды. Бүгінде консорциум дайындық жұмыстарымен айналысып жатыр. Биыл мамырда құрылыс монтаждау жұмыстары басталады", - деді министр үкімет отырысында. 

Ол құрылыс жұмыстары 2021 жылы аяқталып, ақылы түрде пайдалануға берілетінін айтты.



Ұқсас тақырыптар