Миллиондарды қырған қанішер Голощекиннің ажал құшуы

Бүгін 31 мамыр, қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні. Бұл датада есімізге жазықсыз қырылдған миллиондар мен сол миллиондарды қырған Сталин және Голощекин түседі. Голощекинді білмейтін қазақ жоқ шығар. 


599492.jpg


Қанішер Филипп Исаевич Голощекин 1876 жылы Витебскіде өмірге келген еді. Өмірінің сан жылын Ресейдегі революциялық қозғалыстарға арнаған ол, 1924-1933 жылдар аралығында Қазақстанның Компартиясының бас хатшысы (бүгінгі тілмен айтқанда президенті) қызметін атқарады. Осы жылдар аралығында аса жауыздық пен қатыгездік саясатын ұстанған ол, ұжымдастыру саясатын күшпен жүргізді. Қазақтың малын тартып алды, тектісін қудалады, отаншылын орға жықты, атты, асты.


«Кіші қазан» идеясын ұсынып, сол әрекетін іске асыру жолында байлар мен қарапайым халықты қанады. 1928 жылдан бастап ол саясатын қанмен асыра бастады. Қарсы шыққанды атты, асты, түрмеге жапты. Қазақтың саяси элитасы мен зиялыларын қудалап, қуғын-сүргін саясатын іске асырды. А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, С.Сәдуақасов, С.Қожанов, Ж.Мыңбаев, Н.Нұрмақов және өзге де ұлт зиялылырының артына шам алып түсіп, қудалады. 


1931-1933 жылдар аралығында елімізде Голощекин саясатының әсерінен ашаршылық болып, Қазақ халқының 75 пайызы немесе 3 млн халық қырылып қалды. Миллиондаған халық босып, Қытай мен Өзбекстан, Монғолия мен Ресей және өзге де аймақтарға қоныс аударды. 1933 жылы Қазақстандағы аштықтың деңгейі орасан зор және шығынының алпауыт болуына байланысты, оны орнынан алып тастап, КСРО-ның бас арбитрі қызметіне тағайындады. 1933-1937 жылдары сол қызметті атқарған Голощекин қанішердің өзі саяси қуғын-сүргінге ұшырады. Сөйтіп ұлтымыздың ұландарын жалмаған саясаттың құрбанына өзі айналды. «Халық жауы» атанып, 1941 жылы 28 қазанда Куйбышевте атылды. Солайша миллиондарды қырған жалмауыз ажал құшты. Алайда қазақты қырған қаніпезерді 1961 жылы КСРО ақтап шықты. 


Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар