Есаул Бутаков ағаш қана емес адам отаумен де белгілі болған

8.jpg


Бүгін бір адам "Бутаковкаға бардым", -деді. Маған осы атаулардан қашан құтылар екенбіз деген ой келді. 19 ғасырдың ортасында Жетісу жүрегінде басқыншылар бірнеше бекініс салды: Надеждинская (Есік), Софийская (Талғар), Любавинская (Қаскелең). 

Осыдан кейін дінсіз, қараңғы халыққа дін әкелдік деп Верный (вера) бекінісін салды. Үй саламыз, - деп Алатаудың орманын отады. Қазақты өз қонысына жолатпай, әр жерге күзет қойды. 

"Лебедевское, Каменское, Комиссаровское, Ремизовское – были названы по фамилии караульщиков, Бутаковское – по фамилии сотника Бутакова, отряд которого заготовлял здесь лес для казенных построек." 

Есаул Бутаков тек ағаш қана емес адам отаумен де белгілі болған. Ұзынағаш түбіндегі, Кене ханның ұлдары қатысқан, қырғыз-қазақ бірігіп Жетісудан басқыншыларды қуып шықпақ боп қол жиып, ақыры қырылған атақты майданда Бутаков жүздігі ерекше көзге түсіпті. Бүгін сол шатқалды Мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы да шарлаған көрінеді. Бос қыдырмай тарихымен де танысса? Атаңның басын шапқанның атын өшірмей рухани жаңғыру мүмкін емес.

Серік Әбікен

Facebook парақшасынан алынды



Ұқсас тақырыптар