«Біз біргеміз!» жалпыұлттық телемарафоны басталды

Еліміздегі 10 телеарнада «Біз біргеміз» деп аталатын бес сағаттық телемарафон басталды. Бұл жолғы эфир су тасқынына арналып отыр. Телемарафонның ерекшелігі сол бір мезгілде бірнеше телеарнадан қатар көрсетілуде.


В Казахстане пройдет общенациональный телемарафон «Біз біргеміз!»

 

Эфир барысында тасқын салдарын жою жұмыстары қалай жүріп жатқаны, жіберілген кемшіліктер талқылануда. Қарапайым халықтың бастан өткерген оқиғалары кең көлемде қамтылып, тасқынның бел ортасында жүрген құтқарушылар, медицина қызметкерлері, әскерилер, еріктілердің атқарып жатқан жұмысы туралы айтылуда.

 

Мемлекет тарапынан көрсетілетін көмек, шығынды өтеу жолдары, өтемақы қалай берілетіні жайлы ақпараттар, тасқынның себептері мен салдары жайлы мамандар пікірі және басқа телемарафон барысында кең қамтылып, айтылуда.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар