«Шетелдік агент» заңы: Грузияның халқы – Еуропаны, билігі – Ресейді таңдайды!

Гүржі парламенті «шетелдік агент» туралы Ресей үлгісіндегі даулы заңды бірінші оқылымда мақұлдады.

1713355503947087.jpg

Заң: «Шетелдік ықпалдың ашықтығы туралы» деп аталады. Грузия парламентінің 83 депутаты қолдап дауыс берген. Қарсы дауыс бергендер – 0. Бүгінгі мақұлдауда парламенттегі басымдыққа ие билік партиясы өкілдері ғана дауыс берген. Оппозициялық партиялар бұған наразылық ретінде залдан шығып кеткен. Сөйтіп, дауыс беруге қатыспаған.

Ал аталған даулы заңның авторы: Биліктегі «Гүржі арманы» партиясы. 

1713355246180899.jpg

 ГРУЗИЯ БИЛІГІ ЗАҢДЫ МАҚҰЛДАДЫ. ОППОЗИЦИЯ ДАУЫС БЕРМЕДІ...

«Заң – шетелден қаржыландырылатын үкіметтік емес ұйымдар мен БАҚ-тарды арнайы реестрде тіркеліп, жыл сайын декларация толтыруға міндеттейді», - деп сипатталады.

«Шетелдік агент» заңы күшіне енуі үшін Грузия парламентінің депутаттары және 2 оқылым өткзіп, мақұлдауы керек. Екінші оқылымда заң баптарын жеке-жеке талқылап, түзетулер енгізу жоспарланса, үшінші оқылымда редакциялық түзетулер енгізілуі тиіс. Грузия парламенті үш оқылымда қарап, мақұлданағнан соң, ол Президентке қол қоюға жолданады.

 ХАЛЫҚ НАРАЗЫҒЫ ТАҒЫ ДА ҚАҚТЫҒЫСҚА ҰЛАСА МА?

Гүржі қоғамы аталған заңға қарсылық танытып, үш күн қатарынан Грузия парламенті ғимараты алдында наразылық акциясын өткізуде. Осындай ауқымды митинг бүгін де жоспарланған.

Түнде наразылық акциясына қатысушылар мен күштік құрылымдар арасында қақтығыс орын алды. Грузия полициясы акцияға қатысушыларды тарқату үшін арнайы көліктерден су шашып, көз жасаурататын гранаталар қолданған.

1713355327417447.jpg

ЕО РЕАКЦИЯСЫ

Еуропалық Кеңес төрағасы Шарль Мишель өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында: «Грузия Парламенті қабылдап жатқан «шетелдік агент» туралы заң Тблисиді ЕО-дан алшақтатады. Бұл Грузияның ЕО-қа қарай жасаған қадамына сай емес заң», - деп жазды.

1713355369341929.jpeg

ГРУЗИЯ ПРЕЗИДЕНТІ: РЕСЕЙ ГРУЗИЯНЫ БҮЛІНДІРГІСІ КЕЛЕДІ!

Гүржі президенті Саломе Зурабишвили аталған даулы заңды қабылдауға қарсы екенін және халық наразылығына қатысты өз ойын әлеуметтік желідегі парақшасында білдірді.

«Екі күн қатарынан Тбилиси халқы жаппай «ресейлік заңға» қарсы наразылық акциясын өткізіп жатыр. Биліктің дәл осы заңды елдің еркінен тыс, халық наразылығына қарамастан қабылдауға тырысуы – провокация. Ресейдің Грузияны бүліндіруге бағытталған стратегиясы», - деп жазды Зурабишвили ханым.

Зурабишвили ханым осының алдында: «Тбилиси халқы, Грузияның азаматтық қоғамы жаппай «ресейлік заңға» қарсы бейбіт акцияға шығуда. Грузия ресоветизацияға берілмейді!», - деп жазған болатын.

Ал бұның алдында президент Зурабишвили: «Грузия құлдық пен еркіндік таңдауының алдында тұр», - деп мәлімдеген.

Ол бұл пікірді «шетелдік агент» туралы заң талқысына қатысты айтқан. «Грузия азаматары таңдауы тиіс. Не құлдық, не тәуелсіздік! Не Ресеймен бір болу, не Еуропамен бірге болу. Біз қайсысын таңдау керектігін білеміз», - деген еді.

Айта кетейік, Грузия халқы 15 сәуірден бастап Парламент қарауындағы «шетелдік агент» заңына қарсы наразылыққа шығуда. Бүгін заңды бірінші оқылымда мақұлдаған Грузия парламентариіне наразы халық: «Сендер орыссыңдар!», - деп айқайлауда. Ал оппозиция мен заңға қарсы акцияны ұйымдастырушылар кешке тағы да бейбіт митингке елді шақырды.

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар