Жылаған Жерорта теңізі: Мыңдаған босқын суға кетті

2023 жылы әлем бойынша босқындар соңғы он жыл ішінде ең көп қаза тапқан жыл екені анықталды. «Жоғалған босқындар» жобасы 2023 жылы әлем бойынша оқыс жағдайда көз жұмған 8565 босқынның аты-жөнін анықтады.


На лодке мигрантов в Средиземном море нашли тела 26 девочек-подростков | За  рубежом | ERR

 

БҰҰ-ның миграцияға қатысты бөлімшесі «Жоғалған босқындар» жобасын 2014 жылдан бастап іске асырып келеді. 2016 жылы босқындардың ең көп көз жұмған жылы саналды, ол сәтте көз жұмған 8084 босқынның аты-жөні анықталған болатын. Ал 2023 жыл ол қайғылы статистиканы басып озды. Жоба қызметкерлері бұл туралы 6-наурызда жасаған баяндамасында айтты.

 

Көз жұмған босқындардың басым көпшілігі суға батып кеткен. Тоғыз пайызы көліктен авария болып көз жұмса, жеті пайызы зорлық-зомбылықтан опат болған.

 

Жалпы жоба 10 жыл ішінде 63700 көз жұмған босқынның аты-жөнін анықтады. Олардың жартысынан көбі Жерорта теңізіне батып кеткен. 2023 жылы Жерорта теңізіне 3129 босқын батса, 2024 жылдың алғашқы екі айында 254 босқынның өмірін теңіз суы жалмаған.

 

«Жоғалған босқындар» жобасының қызметкерлері көз жұмғандар саны әлдеқайда көп екенін айтты. Олар Африканың шөлді аймақтарындағы, Колумбия мен Панама аралығындағы ну орманда көз жұмған босқындарды немесе Таяу Шығыстағы соғыс қимылдары барысында қаза тапқан босқындарды тіркеу, анықтау өте қиын дейді. Босқындардың басым көпшілігі Африка, Таяу Шығыс аймақтарынан екені анықталды. Жоба қызметкерлері Газа аймағындағы соғысқа байланысты босқындар саны арту мүмкін екенін айтуда. 


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар