Алматыдағы жойқын жер сілкіністері: Кемин жарығы туралы талас

Қазақты Алматыдағы сілікініс үнемі үрейлендіреді. Ойланыңызшы, тек 2024 жылы ғана 30-ға жуық діріл болған. Сондай сілкіністің бірі – кеше Алматы жұртын әбігерге салды.

1709638301454886.jpg

Жергілікті уақыт бойынша 11:22-де Алматы жер дүмпуін сезді. Бұл жолғы дүмпу қатты сезілді. Кейбір тұрғын үйлердің қабырғалары жарылды. Себебі, Алматыдан 31-37 шақырым жерде, Қазақстан мен Қырғызстанның шекарасында жер асты сілкіністері басталды. Эпицентрдегі жер сілкінісінің қуаты -  6.1 баллды құрады. Ал Алматыға қуаты 5 баллдан сәл асатын діріл жетті. Алматыда дабыл жүйесі іске қосылып, жергілікті билік пен ҚР ТЖМ өкілдері жедел штаб құрды. Халықты жұмылдыратын арнайы орындар ашылып, ресми хабарламалар таратылды. Адамдардың көпшілігі үйлерінен шығып, ресми рұқсат берілгенге дейін сыртта болды. Кейбір тұрғындар қала маңы мен сыртына қарай асықты. Салдарынан Алматыда 9 баллдық жол кептелісі орын алды.

1709637626541418.jpg

(Сурет: Zakon.kz сайтынан алынды)

АЛМАТЫ ЖЕР СІЛКІНІСІ: 2024 ЖЫЛ 4 НАУРЫЗ (хронология)

Кейінірек жер сілкінісін Қазақстанның тағы бір өңірі - Жетісу (Талдықорған) да сезінгені белгілі болды. Онда дірілдің қуаты 3 баллдың төңірегінде болған.

Алматыда Білім беру мекемелері - мектептер, колледждер мен ЖОО-лар эвакуацияланды. Билік жедел түрде 384 уақытша қабылдау пунктін ашты (мектептер мен колледждерде). Кейінірек ТЖД оларға 1329 адам жүгінгенін айтты. Қамтамасыз ету нысандары, теміржол вокзалы мен Алматы әуежайы штаттық режимде жұмыс істесе, метро уақытша жұмысын тоқтатты.

Құзырлы органдар алғашқы дүмпуден кейін афтершоктар болатынын ескертті. «Афтершок» деген -  қайталама серпіліс (дүмпу). Жергілікті уақыт бойынша сағат 12:54-те қайталама дүмпу болды. Бұл жолғы эпицентр - 255 шақырым жерде Қытай шекарасы маңында болды. Алматыға қуаты 2 баллдық діріл жетті.

Үшінші афтершок 13:27-де болды. Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 258 км жерде, Қытайда 10 км тереңдікте тағы бір сілкініс болды. Үшінші афтершоктың қуаты мүлде сезілмеді десек те болады.

Жергілікті уақыт бойынша сағат 15:18-де тұрғындарға үйлеріне оралуға рұқсат берілді. ҚР ТЖМ: «Таяу күндері 70 пайыздық қауіп бола қоймайды», - деп сендірді.

Алматыдағы наурыз айындағы жер сілкінісі коммуналдық қызметтерге ең көп зиян келтірді. Сумен жабдықтау және электр энергиясымен қамтамасыз ету салаларында айтарлықтай мәселелер туындады. Кейбір үйлерде жер асты сілкіністерінен жарықтар пайда болды.

1709637792793657.jpg

СЕЙСМОЛОГТАРДЫҢ ДАУЫ. «КЕМИН ЖАРЫҒЫ» ТУРАЛЫ ТАЛАС

Тәуелсіз сейсмолог Мұхтар Хайдаров кешгі жер дүмпуіне қатысты алаңдаушылық білдіріп, үрейлі болжам айтты: «Егер ақпарат дұрыс болса, эпицентр Қырғызстан мен Қазақстан шекарасында, Іле мен Күнгей Алатауы арасында орналасқан болса, онда бұл –  «Кемин жарығы», - дейді Мұхтар Хайдаров.

Тағы бір қазақ сейсмологы Дәулет Сәрсенбаев бұл пікірмен келіспейді. «Эпицентр координаттарын негізге ала отырып айтсақ, бұл жеке сейсмикалық оқиға. Ол 1990 жылғы «Кемин ошағының» оянуы болып табыла ма? Жоқ! 2015 жылдан бері сол облыста алғаш рет жер сілкінісі тіркеліп отырған жоқ. Сондықтан, бұл бір адамның болжамы ғана», - дейді Дәулет Сәрсенбаев.

ТАРИХ: АЛМАТЫДАҒЫ ЖЕР СІЛКІНІСТЕРІ

Алматыдағы жер сілкісінің тарихы ғалымдарымызды бей-жай қалдырған емес. Сонымен 1887 жылғы апат туралы сөз ете кетейік.

1709637911887976.jpg

(Сурет Википедиядан алынды)

1887 ЖЫЛ. ЖОЙҚЫН СІЛКІНІС

1887 жылғы 28 мамырда Алматыда (Ол кезде Алматы - Верный деп аталған) жойқын жер сілкінісі болды. Бірінші соққы таңғы сағат 4:44-те болды. Сол кезде түтін құбырлары, карниздер құлап, қабырғалардағы бұрынғы жарықтар кеңейіп, жаңалары пайда болды. Қала тұрғындары тынышталған сәтте, 4 сағат 54 минутта біріншісінен әлдеқайда күшті тағы бір соққы болып, 3 минутқа созылды. Таңертеңгі сағат 5-тен 4-ке дейін 30 минут бойы жер сілкінісі үздіксіз дерлік жалғасты. Соңғы серпіліс, 4 сағат 30 минутта болып, Алматыда көп ғимарат қирады. Бірнеше адам қаза тапты, ондаған адам жараланды.

Жер дүмпулері кешке және түнде жалғасты. Келесі күні таңғы сағат 4: 45-те қатты соққы болды. Кей деректерде 1887 жылы 28 мамырдан 9 сәуірге дейін 500-ге тарта жер дүмпуі болғаны айтылады. Олардың кейбіреулерінің қуаты 8 баллға дейін жеткен.

1887 жылғы 28 мамырдағы жер сілкінісі өзінің қарқындылығымен ғана емес, түрлі қозғалыстарымен де ерекшеленеді. Толқын тәрізді тербеліс болған, тік тербелістер болған. Ақырында айналмалы қозғалыс түрінде тербелістер болған.

Тарихшылар 1887 жылғы жер сілкінісі кезінде Верный және оның төңірегінде 329 адам қаза тапқанын, оның 118-і балалар екенін айтады. Ал ол уақытта Алматыда (Верныйда) 30 мың адам тұрған. Сол 1887 жылғы катаклизмнен кейін Верный және Семей облысының басқа да елді мекендерінде жаңа құрылыс нормалары енгізіліп, тас салуға тыйым салынды.

1709638113676026.jpg

(Сурет ҚазҚСҒЗИ сайтынан алынды)

1911 ЖЫЛ. ВЕРНЫЙ АПАТЫ

1911 жылғы 3 қаңтарда қатты жер сілкінісі Түркістандағы Верный (қазіргі Алматы) қаласын қиратты. Верный қаласындағы жер асты сілкінісінің күші 9-10 баллды құрады және едәуір қираулар мен адам өліміне әкелді. Жер сілкінісін эпицентрі - Үлкен Кемин өзенінің аңғары деп те атайды.

Сол кездегі БАҚ («Родина» гәзеті) 1911 жылы былай деп жазды: «22 желтоқсанда таңертеңгі сағат бесінші басында бірқатар қалаларда: Верный, Ташкент, Пржевальск, Шымкент, Жаңа Бұхара және басқаларда қатты жер сілкінісі сезілді. Жер сілкінісінің күші 8 баллға дейін жетті. Әсіресе Верный және Пржевальск жер сілкінісінен зардап шекті. Верныйда зақымданбаған бірде-бір ғимарат жоқ: сазбалшықтар түбіне дейін қираған, тастар жарылған, кейбіреулерінің қабырғалары құлаған, ағаш үйлер сылақ түсіп, Верный үйіндіге айналған».

Қала 1887 жылғы қорқынышты жер сілкінісінен аман қалды. Ол кезде де қала едәуір қираған. Ал 1911 жылғы қысқы сынақ тек дірілмен ғана емес, жер бетінің жылжуымен де қатар жүрді, соның салдарынан қала түгел қирандыға айналды.

Сол жылы баспанасынан айырылғандар училищелер мен казармаларға орналастырылған, бірақ жер сілкінісінің қайталануынан қорқып, түнді ғимараттан тыс өткізеді.

Алматы станциясының солтүстік-шығыс бөлігінде, терең жарықтар пайда болып, жер опырылады. Жер асты сулары жарылып, жердің бетін басады. Алматы өзенінің оң жағалауында, қаладан төмен жер көшкіні болады. Алматы штауларының шыңдарында солтүстікке қарай мұздықтар көшіп,  үлкен жартастар домалайды.

Геолог Карл Иванович Богдановичтің мәліметінше, жер сілкінісі салдарынан 452 адам қаза тауып, 740 адам жарақат алған, 1094 үй мен 4545 киіз үй қираған, сондай-ақ 13 000-ға жуық мал басы қырылған.

Міне, тарихшылар осылайша талай адамның өмірін қиған осыған дейінгі екі ірі жер сілкінісіне осылайша баға береді. Үшіншісінен қазақты Құдай сақтасын дейік!

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар