123 мемлекет Путинді тұтқындауға міндетті. Қазақстан ше?

Халықаралық қылмыстық соттың (ХҚС) Римдік статуты 1998 жылдың 17 шілдесінде Римде өткен дипломатиялық конференцияда қабылданып, өз күшіне 2002 жылдың 1 шілдесінде енді.

1694424796181161.jpg

Бүгінгі таңда әлемдегі 203 мемлекеттің 123-і осы Римдік статуттың қатысушысы болып табылады. Бұрын олар 124 болған еді. Ресей 2000 жылы қол қойып, кейін ол райынан қайтып, Римдік статуттың қатысушысы қатарынан шығып кетті.

Римдік статут бойынша төрт халықаралық қылмыс түрі танылған, атап айтсақ: геноцид, адамзатқа қарсы қылмыс, әскери қылмыс және агрессиялық қылмыс.

ТМД елдерінде Украинаға соғыс ашқаны және жерін басып алғаны үшін Ресей президенті Римдік статут бойынша «қылмыскер» деп танылып отыр. ТМД әлемінде Орталық Азия мемлекеттерінен басқалары Путинді қылмыскер деп санайды. Жақында Римдік статуты ратификациялаған елдер қатарына Армения қосылды.

Енді осы турасында тарқата айтатын болсақ, Армения Үкіметі ХҚС Римдік статутын ратификациялау туралы жобаны парламент қарауына жіберді. Ереван бұл қадамын Қарабақ проблемасымен байланыстырады. Бірақ ресейшіл сарапшылар Армения осылайша Ресеймен қарым-қытнасына сызат түсірді деп қақсай бастады. Елдің премьер-министрі Никол Пашинян: «Ереванның Мәскеуге бағдар ұстануы қателік болды», - дегені де Мәскеудің жынына тиді.

НАТО осыны пайдаланып, ОБКБ мүшесі Ереванды Альянсқа тартуға көшті деген ойбай Ресей ақпаратының басты тақырыбына айналды.

Ал Рим статусын мойындайтын һәм елдеріне Путин келе қалса, тұтқындауға мәжбүр болатын мемлекеттер тізімі мынадай:

2023 жылғы ақпарат бойынша ХҚС статусы туралы келісімге 137 мемлекет қол қойған. 123 мемлекет ратификациялаған. Соның ішінде: Африканың 33 мемлекеті, Азия-Тынық мұхит аумағының 19 мемлекеті, Шығыс Еуропаның 18, Латын Америка және Кариб бассейніне жататын 28 мемлекет және Батыс Еуропаның 25 мемлекеті бар.

Қазақстан Рим статусын мойындамайды. Бұл туралы биыл сәуірде ҚР СІМ-і: «Біз Рим статусына қол қоймадық, ратицикациялаған жоқпыз. Сондықтан, Рим статусының құзыреті Қазақстан аумағында жүрмейді және біздің ешкімнің алдында міндеттемеміз жоқ», - деген.

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар